Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт жамағаты мұқтаж жандарға көмектесті (ФОТО)

22.12.2014 3222 0 пікір
Кеше Астана қаласындағы әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасыға қайырымдылық көмегі көрсетіліп, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдукаримов Бағдат имамның ұйымдастыруымен аты-жөнін атамауды өтінген мешітіміздің жамағаты демеушілік танытып, 10 отбасыға бір айлық азық-түлікпен көмек көрсетті. Барлық азық-түлік түрі салынған бір сөмкені жабдықтауға орташа есеппен 20 000 теңге көлемінде қаржы жұмсалған.

Алла Елшісі Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұсылманшылықтың ең жақсы белгісі – тамақ беруің және танитынға да, танымайтынға да сәлем беруің», – деген екен. Сүннетке орай сауапты іс қылып, жақсылықта жарысқан мешіт жамағаттарының ниеті қабыл болғай!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру