«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің қыз келіншектерге арналған сауат ашу курсында оқып жүрген 40 - тан астам апа - әжелеріміз бен әпке -қарындастарымызға арнап, «ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР» жылының қорытынды дастарханы жайылды.
Мешітіміздің Бас имамы Жұманазар Өсерханұлы «ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР» жылының қорытынды дастарханына жиналған қауымды, кешегі өткен Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Дін мен дәстүр сабақтастығы тақырыбында тұщымды уағыз-насихат айтты.
Уағыздан соң, осы курста тәлім алып жатқан апа – қарындастарымыздың тәмамдаған Құран хатымына орай, Бас имам Ж.Садырханов Құран хатым дұғасын жасап: Отанымыздың айбыны асқақ, рухы мықты, мәртебесі биік, Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Раббымыз Алла, оқыған қасиетті кітабымыз Құран Кәрімнің әрбір әрпіне сауаптан жазып, тілеген дұға – тілектеріміз қабыл болсын, - деп бата берді.
Іс-шараға қатысушыларға, Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен Дәстүр» кітабын және наиб мүфти, "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлының «Тәпсір тұнығы» атты кітабы сыйға тарту етілді.
Шара соңында, осындай ізгілікті істің басында жүрген Әлия ұстазымыз ұйымдастырушылар мен демеушілерге алғыстарын білдірсе, жиылған көпшілік, мешітіміздің қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, қуанышпен тарқасты.
Мешітіміздің Бас имамы Жұманазар Өсерханұлы осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.12.2014
3466
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру