Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Дін және ғылым» тақырыбындағы дөңгелек үстел

19.12.2014 4015 0 пікір

Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің Жалпы және жастар бөлімінің ұйымдастыруымен мешіт кітапханасында «Дін және ғылым» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге қаладағы С.Торайғыров атындағы Мемлекеттік Университеті мен Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының оқытушылары, студенттер, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің діни сауат ашу курсының шәкірттері, мешіт имамдары қатысты.

Қатысушылар «Дін және ғылым» атты қысқаша бейне роликті тамашалағаннан кейін дін мен ғылымның байланысы мен үйлесімі тұрғысында ортаға тасталған сауалға орталық мешіт ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызы бастаған білімді де білікті ұстаздар жауап бере отырып, аталмыш шараға қатысқан студенттер мен жастарға ой салар көптеген  ақыл-кеңестер берді. Сонымен қатар шараға қатысушы шәкірттер мен зейнеттегі қарт зиялылар да асыл дініміз туралы ойларын бөлісе отырып «дін-ғылымның бастауы» екендігін дәйекті дәлелдермен түсіндірген  келелеі кеңеске ұйытқы болды.

Шара  тағылымды әңгімелермен жалғасын тауып мәнді де мағыналы болып өтті.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру