18 желтоқсан күні Бас имам Нұрбек қажы Есмағанбеттің тапсырмасымен Алматы орталық мешітінде қала мешіттерінің шаруашылығына жауапты имамдар мен іс-басқарушыларының жиыны өтті.
Жиын барысында халықпен тығыз қарым-қатынас жасау, мешітке келуші жамағатты жылы қабылдау, олардың сұраныстарын қанағаттандыру, мешіттерде жамағат үшін жағымды жағдай жасау мәселесі сөз етілді.
ҚМДБ тарапынан бекітілген мешіт іс-басқарушысының міндеттемелері жөніндегі құжат көшірмесі, сондай-ақ мешіт жұмыстарын жүргізу жайлы мағлұмат беретін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан әзірленген діни іс қағаздарды жүргізу жөнінде әдістемелік-анықтамалық құрал кітапшасы үлестірілді.
Сондай-ақ Алматы орталық мешітінің іс-басқарушысы Марат Құрбанбекұлы 2014 жылғы атарылған мешіт жұмыстары, қауіпсіздігі, құжаттардың заңдылығы, секілді мәселелерді қорытындылап, 2015 жылда атқарылатын жұмыстардың жоспары жайлы айтты. Мешіттерге құжаттарды толық заңдастырып бітіру, қауіпсіздік шараларын күшейту, мешіт мүлкін тіркеп, инвентаризациялауды аяқтау, жұмыс тәртібін бір ізге келтіруге қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.12.2014
3582
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру