Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мерекелік дастархан бүлдіршіндерді қуантты

18.12.2014 3763 0 пікір

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Иманғали» орталық мешіті ұйымдастыруымен кезекті қайырымдылық шарасы өткізілді. 

Атырау қаласының жергілікті «Таксим» кафесінде жалғызбасты, көп балалы аналардың, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларының балаларына жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында мерекелік шара өтті. Балаларға арналған ақ дастархан жайылып, сыйлықтар үлестірілді. Сонымен қатар, түрлі қызықты ойындар ойнатылып, балалардың жүзі шаттыққа бөленді.  

Мешіт азаншысы Арман Урумбаев бүлдіршіндерді мешіттен қол үзбей иман нәрімен сусындап, «Мәңгілік елдің» білімді де, парасатты азаматтары болуға шақырды. Сондай-ақ, дін өкілі балаларға арналған  мерекелік шараны ұйымдастыруға атсалысқан аталмыш мекеме басшылығына өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру