ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынын адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек», - деген.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының үстіміздегі жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп, жариялағаны баршамызға белгілі. Осы «Дін мен дәстүр» жылына орай, Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрында Бек Рамазанның «Шырмауық» атты екі перделі әлеуметтік драмасының премьерасы болды.
Облыс әкімшілігімен, мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Халықтар достығы» арасындағы ынтымақтастық және діни бағыт жолындағы қойылымдарды сахналау тапсырмасы бойынша іске асты. Қойылым облыстық дін істері басқармасының басшысы Манарбек Әзімбекұлының бастамасымен қолға алынды.
Қойылымда бүгінде сан тарауға түскен діннің аражігін айыра алмай қателескен қоғамдағы жастар мен өскелең ұрпаққа үлкен сабақ болатыны жайында тәлімі мол көрініс болды. Қойылым келген көпшіліктің назарын алып, көңілдері жай тапқандай болды. Көрермендер қойылымды ұйымдастырған ағаларымызға өз ризашылықтарын білдіріп тарқасты.
«Шырмауық» қойылымның сценариын белгілі актер, танымал режиссер, драматург - Бек Рамазан жазған. Қоюшы режиссері - Әкелеев Сахан Долдиұлы, қоюшы суретші-Алдабергенов Данияр Рахымбекұлы, діни кеңесшісі исламтанушы, магистр - Қуат Қабдолда.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.12.2014
5079
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру