Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оңтүстіктің қала, аудан имамдары жылдық есеп берді

18.12.2014 3934 0 пікір

Шырайлы Шымкент қаласында орналасқан «Облыстық орталық» мешіттің  мәжіліс залында аудан, қала имамдарының 2014 жылғы қорытынды есебі тыңдалды.

Мәжілісті ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек ашып, жүргізіп отырды.  Есеп беруде имамдар Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы  хазреттің төрт бағыт бойынша берілген тапсырмасы аясында алынды.

Есеп беруде бірқатар аудан, қала имамдарының  үлгі боларлық аудандарды атап өту керек.  Атап айтқанда; Шымкент қаласының  «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің имамы Б.Абдурахманов, Арыс қаласының имамы А.Абдукамал, Сайрам ауданының имамы Р.Жұмәділлаев, Созақ ауданы «Шолаққорған» мешітінің имамы Р.Қызыханов пен Кентау қаласының имамы И.Пановтардың атқарған жұмысытарына оң баға берілді.  

Сондай-ақ, бірқатар аудан имамдарына ескерту мен сынақ мерзімі берілді. Олар, Сарыағаш ауданының имамы Қ.Кенжебеков,, Бәйдібек ауданы «Нақыпбекұлы Әуен» мешітінің имамы С.Байниязовтарға қатаң ескерту мен бірге  бір тоқсан мерзіммен жұмыстарын реттеу үшін уақыт берілді.

Есеп қорытындысы бойынша

Жылдық  есепті қорытындысы бойынша ең маңызды деген жұмыстарға тоқталып өтсем.  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы  хазреттің төрт бағыт бойынша берген тапсырмасына орай, Облыс көлемінде  ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің тарапынан 12 жоғары және 45 орта арнаулы оқу орындары, 912 орта мектептері және 6 түзеу мекемелері,  3 әскери бөлімшелері, т.б. мекемелермен екі жақты келісімшарттар жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілді.   Жоғары оқу орындары - 388 кездесу, Орта арнаулы оқу орындарында - 1080 кездесу;  Мектептерде - 23 940 кездесу; Түрлі мекемелерде - 350 кездесу; 6 түзеу мекемелерінде - 288 кездесу; 3 әскери орындарда- 72 кездесулер өткізілді.  Жалпы  қорыта келе 26 118 кездесу өткізіліп, 1 305 90 адам қамтылды.

Жыл басынан бері мешіт қызметкерлерінің тарапынан телеарналарға 972,  радиоға 58 сұхбат берілді. Мұнымен қатар, мешіт имамдарымен зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, облыс аумағынан жарық көретін газеттерден діни имандылық бағыттағы 703 мақала жарық көрді. 

Сонымен қатар, ҚМДБ-ның жанындағы республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшелері тарапынан 54 кездесу өтіп,  оларға  11 743 адам қамтылды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы  хазреттің төрт бағыт бойынша берген тапсырмасына орай, кереғар ағымдармен 2014 жылғы қазан мен қараша айының соңына дейін 1350  сәләфилік және «Таблиғи жамағат» діни ағымы бағытын ұстанатын азаматтармен жеке кездесу ұйымдастырылды. Оған қала мешіттерінің 28 имамы және аудандық, қалалық мешіттердің бас имамдары қатысты. Жалпы алғанда, жыл басынан бері кереғар ағым мүшелерімен 9240 кездесу өткізілді.

Сондай-ақ, қайырымдылық шаралары бойынша жыл басынан бері 11550 рет қайрымдылық акциялары өткізілді.

Діни сауат ашу курстары мен семинарлары туралы облыстың 745 имам-молдалары арнайы дәрістен өткізіліп, білімдерін жоғарылатты. Мұнымен қатар, облыс аумағындағы мешіттердің жанынан 256 діни сауат ашу курстары жұмыс атқаруда. Бұлардан бөлек, облыста «Шымкент», «Сарыағаш» медреселері мен «Ықылас» қарилар дайындау орталығында тұрақты негізде жазғы лагерлер жұмыс атқарды.  Жазғы лагерлерде жалпы  саны 560 бүлдіршін тәлім алды.  Биылғы жылы бұл курстардан 12583 тәлімгер дәріс тыңдады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға жоғары деуге болады.

«Тәпсір тұнығы» кітабының таныстырылымы болды

Мәжіліс соңында ҚМДБ-ның төрағасының орынбасары, Найб мүфти Серікбай қажы Ораздың исі мұсылман жұртшылығына тарту еткен «Тәпсір тұнығы» кітабының таныстырылымы болды. Кітап туралы ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров арнайы баяндама оқыды. Кітапты барлық аудан, қала, ауыл мешіттері мен медреселерге тегін үлестірілді.

Сонымен қатар, 2015 жылы атқаратын іс жоспар жұмысын талқылап, бірқатар тапсырмалар берілді. 

 Мұхамеджан Естеміров, 
ҚМДБ-ның ОҚО бойыншаөкіл имам орнынбасары


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру