Шырайлы Шымкент қаласында орналасқан «Облыстық орталық» мешіттің мәжіліс залында аудан, қала имамдары мен «Шымкент», «Сарыағаш» медреселері мен «Ықылас» қарилар дайындау орталығы жетекшілерінің қатысуысен 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай кездесу болып өтті.
Кездесуді ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек ашып, жүргізіп отырды. Өкіл имам алдымен Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің Тәуелсіздік мерексіне орай жолданған құттықтау хатын оқып берді.
Сонымен қатар, жиын барысында «Шымкент», «Сарыағаш» медреселері мен «Ықылас» қарилар дайындау орталығы мен «Алшаң Жібек жолы» қайырымдылық мекемелерінің жетекшілерінің 2014 жылғы атқарған жұмыстары тыңдалды.
Алла Тағала елімізге, жерімізге берекетін жаудырып, Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік еткей. Мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі мәңгілік болғай!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.12.2014
3523
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру