Бесқарағай ауданы Қарабас ауылындағы орта мектепте ҚР Президентінің «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» атты жолдауының аясында, діни тұрақтылықты нығайту, жат ағымдарға қарсы күрес бағытында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел ауыл мешітінің тыныс тіршілігімен танысудан, жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіліп, Құран бағыштаумен басталды.
Дөңгелек үстелге Аудан әкімінің орынбасары Ерболат Еренұлы, ауыл әкімдері, аудан имамы Серікжан Аманұлы аудандық ардагерлер төрағасы М.Ж.Шегебаев, ҰҚК-нің аудандық бөлімінің басшысы Н.Мұқанов, Ішкі саясат мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің инспекторы Б.Уәлиұлы, ауыл имамдары, мектеп мүдірі, дінтану пәнінің ұстаздары қатысты.
Жиынды дөңгелек үстел төрағасы Е.Еренұлы ашып, Жалпы еліміздегі болып жатқан діни ахуалға тоқталып, дін атын жамылған ағымдардың ел бірлігіне төндіріп отырған қауіпті әрекетіне тоқталып, қазіргі ашық ақпараттық қоғамда жастарымыздың жат пейілді діни ағымдардың жетегінде кетіп қалмау үшін өз дініне беріктік, діни сауаттылық қажет екенін ашып айтты.
Аудан имамы Серікжан Аманұлы Діни тұрақтылықты, ұлт болашағы жас өспірімдердің тәрбиесі, дәстүрлі дінге жатпайтын жат пиғылды діни ағымдардың, ел ішіне бүлік тудырып отырған әрекеті.
Сонымен қатар, осы жиында ауыл мешіт имамдарының атқарған жұмыстарымен танысты. Ауыл әкімдері, ауыл молдалары өзі өңірлері туралы есеп беріп, діни ахуалды көтеруге бірігіп жұмыс істеуге үлес қосатындарын айтты.
Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.12.2014
3596
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру