Қарағанды қаласындағы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамының уақытша міндетін атқарушы Дархан Асылтайұлының бекітуімен Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мерей Жақия аталмыш конференцияға қатысып, «Конфессияаралық келісімнің теориясы мен практикасы» атты тақырыпқа байланысты уағыз жүргізді.
Сонымен қатар, дін мен дәстүрдің біте қайнасқан тұстарына тереңінен тоқталып, студенттерге тағылымы мол тақырыптарды тарқата жеткізілді. Осы аралықта имам мен жастар жағы сұрақ-жауап түрінде ой-пікірлер алмасып, имамның шариғатқа сай айтқан жауаптары жастар зор ынтамен тыңдап, үлкен ықыласпен қабылдады.
Білімге құштар студенттер өздерінің орамды ойларын ортаға салды. Айта кетелік, ғылыми конференцияны өткізіп отырған «Философия және мәдениет теория» факультетінің оқытушылары болашақ философтар мен мәдениеттанушылардың білімін толықтыру мақсатында кездесулерді жиі ұйымдастырып тұрады.
Сондай-ақ мұндай жиындарға көбінесе мешіт имамдары мен ұстаздарын шақыртып, ислам уағыздарын тыңдап, шариғат бойынша айтылған жауаптарына жүгінеді. Имамдармен өткен әр бір жүздесулер кейінгі буын жастарға ойлы пікірлер қалыптастырумен қатар, асыл дінімізге деген сенімдерін күшейте түсетіні анық.
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.12.2014
3113
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру