Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен өкіліне «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды (ФОТО)

17.12.2014 4963 0 пікір

Тәуелсіздік елімізге үлкен қуаныш әкелген мерекеге айналуда. Елімізде осы жылдар бойына аянбай қызмет еткен азаматтардың еңбектері еленуде. Биылғы осы мереке күндері Шығысқа ерекше болып отыр. Алты жылға таяу еңбек сіңірген, Шығыс елінің көңіліне жақсы із қалдырған, облыс орталығына еліміздегі бірегей мешіт салдырған, премьер министр орынбасары Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевқа «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.         

Сонымен қатар, өкіл имам Асанов Нұрлан Байжігітұлының да Алтай өңіріндегі көптеген игі шаралардың ұйытқысы бола білгені де еленді. Өскеменде бой көтерген зәулім бес қабатты мешіттің құрылысына аянбай ат салысып, оның аяқталынып, ел игілігіне берілуіне үлкен септігін тигізген діндар. Оның өткізген тұңғыш Республикалық діни айтысы және бүгінгі таңда жалғасын тапқан қайырымдылық акциялары Шығыс елінің жадында. Ұлтаралық және дінаралық достықты нығайтуда қосқан сүбелі үлесі де зор. Облыс басшылығының руханияттағы сенімді тірегі бола білген азамат.

Осы игіліктерді ескерген облыс басшылары Тәуелсіздік мерекесінің салтанатты жиынында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградамен облыс имамы марапатталынып, кеудесіне медаль салтанатты жағдайда облыс әкімі Даниял Кенжетайұлы Ахметов табыс етті.  

«Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің» баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру