Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Алланың ұлы сыйы – Тәуелсіздік»

15.12.2014 3473 0 пікір

Ел тілегі болған еркіндігіміздің мерейлі мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы қаласы, Муззаммил мешітінде  «Алланың ұлы сыйы – Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге мешіт имамдары мен жамағаттары, сондай-ақ ауыл ақсақалдары арнайы шақырылып егемендік ел жайында насихатталды. Сонымен қатар, келешегіміз болған жастарды отанды сүюге, тәулсіздіктің қадір-қасиетіне жете білуге, жалпы халық болып тәрбиелеуге үнделді.

Тәуелсіздік күні халық үшін ерекше күн, айрықша мереке. Әрбір ел азаматының жүрегінде осы күннің қадіріне жетіп, қастерлеу, Отанына деген сүйіспеншілік секілді сырлы сезім болуы керек. Алла бізді осы бірлігімізден ажыратпасын!

Әуезов ауданына қарасты Муззаммил мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру