Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков діни ұйымдардың қызметімен және дін басыларымен танысу мақсатында кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Астана қаласының басшысы Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауында қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға, адамдардың бір-біріне деген толеранттылығына ерекше назар аударылғанын атап өтті.
Бүгінгі таңда елордадағы діни жағдай оң бағытта дамып келеді. Дін басылармен диалог орнатылды, көп конфессиялық келіспеушілік фактілері тіркелмеген.
Сонымен қатар, Астана қаласының әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы өтті. Оған мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының басшылары, маслихат депутаттары, діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кеңесте Астанада конфессияаралық қатынастардың дамуы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдігінің қаладағы жұмысы, қоғамдық институттардың ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы ролі сөз болды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қалалық құрылымдарға бірқатар тапсырмалар берілді, сондай-ақ, Кеңестің 2015 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді.
Астана қаласының басшысы Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауында қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға, адамдардың бір-біріне деген толеранттылығына ерекше назар аударылғанын атап өтті.
Бүгінгі таңда елордадағы діни жағдай оң бағытта дамып келеді. Дін басылармен диалог орнатылды, көп конфессиялық келіспеушілік фактілері тіркелмеген.
Сонымен қатар, Астана қаласының әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы өтті. Оған мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының басшылары, маслихат депутаттары, діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кеңесте Астанада конфессияаралық қатынастардың дамуы, Қазақстан мұсылмандары дін басқармасы өкілдігінің қаладағы жұмысы, қоғамдық институттардың ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы ролі сөз болды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қалалық құрылымдарға бірқатар тапсырмалар берілді, сондай-ақ, Кеңестің 2015 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.12.2014
3205
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру