Атырау қалалық «Мұнайшы» спорт кешенінде «Ислам терроризмге қарсы» атты тақырыпта кездесу өтті. Жиынға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша Жастар ісі бөлімінің өкілі Арман Урумбаев, Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Артур Айтмағамбетов, Атырау қалалық Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшесі Орынбасар Мұхтаров, жаттықтырушылар және спортшы жастар қатысты.
Жастар ісі бөлімінің өкілі Арман Урумбаев өз сөзінде: «Нағыз мұсылман адам жер бетінде арсыздыққа жол бермей, керісінше игілік және ізгілікке ұмтылуы тиіс. Алланың қасиетті кітабында қоғамдық тәртіп бұзуға қатаң тыйым салынған. Құранның «әл-Ағраф» сүресінің 56-аятында: «Тәртіпке келтірілгеннен кейін жер бетінде бұзықтық жасамаңдар», – деген Алланың әмірі бар.
Құранда өз-өзіне қол жұмсау да үлкен күнә болып саналады. Мұсылман ғұламалары беліне жарылғыш заттарды байлап, жазықсыз жандар арасында өзін-өзі жарып жіберетіндерді қатты айыптайды, өйткені, Алла тағала өзін-өзі өлтіруге ашық тыйым салған. Құранның «Ниса» сүресінің 29-аятында «… өздеріңді өздерің өлтірмеңдер…», – деген әмір бар. Сондықтан, Аллаға деген сенімі зор және Құранның жолымен жүретін мұсылман баласы мұндай әрекетке ешуақытта бара алмайды», – деді.
Сонымен қатар, кездесу соңында қатысушылар тарапынан «Жат ағымдарды қалай тануға болады?», «ҚМДБ-ның сараптауынан өткен сайттар тізімі», «Орта білім ошақтарында дін жөнінде насихат жасалып жүр ме?» және т.б. сауалдары қойылып, осы секілді көптеген көкейкесті мәселелер талқыға салынды.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.12.2014
3646
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру