Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Студент жастармен өткен кездесу

09.12.2014 3351 0 пікір

Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсаттың ұйымдастыруымен найб имамы Серікқали Бейсенұлы, мен найб имам Бекзат Боранбайұлы, Тас мешіттің найб имамы Айдын Жүнісбек, Тыныбай мешітінің имамы Біржан Аманжолұлы мешіт имамдарымен  қаламыздығы № 22 орта мектеп М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі «Семей» Медициналық колледжі Шәкәрім университеті жатақханасы Геодезия және картография колледжі Медицина университеті М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің студенттерімен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты қоғамдағы өткір де өзекті тақырып «Дін және ғылым», «Отбасылардың ажырасуының негізгі себебі неде?», «Некесіз қосылудың зияны» мен «Түсік тастаудың зияны» сынды мәселелер төңірегінде кеңінен тарқатыла айтылып, кейінгі буын жастарға маңызы зор мәліметтер берілді.

– Елбасымыз айтқандай: «Исламның өзін нақтылы қорғаудың қажеттілігін сөз ететін кез келді», - деп ескерткенін назарға ала отырып, халық арасында таралып жүрген исламофобиялық пікірлер мен стериотиптерді жою. Исламның тек дін емес - терең ғылым, жоғары мәдениет екендігін түсіндіру болып табылады.

Өзге ағымдардың жүрігізіп жатқан теріс іс-әрекеттерінен сақ болуға үндеді. Жалпы дінге қатысты сауалдар болса, міндетті түрде мешіттің ұстаздарына, имамдарына жолығуға кеңес берілді.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен кітаптарын, сайттарын, имани басылымдарын қараған абзалырақ екенін де айтып өтті. Жиын соңында жастарымыз өздерінің ойларымен бөлісе келе, мамандарға түрлі тақырыпта сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды. 

Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру