Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы жылдың үздіктерін анықтады (ФОТО)

09.12.2014 3764 0 пікір

Алматы қалалық мешіттерінің 2014 жылдық есеп қорытындысы болып өтті. Қаланың Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет шахарымыздағы 40 мешіттің бір жылдық жұмысына баға берді. Сондай-ақ жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуә бөлімінің қызметкері Сансызбай Шоқанов қатысты. Биылғы жылдың бір ерекшелігі қаланың аудандық мешіттері өз ауданының жұмысын слайт және видероликтер түрінде ұсынды.

Жылдық есеп нәтижесі бойынша Алатау ауданының, Бостандық ауданы және Әуезов ауданының жұмыстары жоғары бағаланды. Аталған аудан имамдары Орынбасар Орынбайұлы, Асан Әбдіқұлұлы, Сейтбек Әбдірақымұлы үздік аудан имамдары деп танылып, алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар БАҚ-да ең белсенді болған Медеу ауданының Бас имамы Тлепберген Алламжарұлы, ең үздік дін мен дәстүрді насихаттаушы деп танылған Таугүл-3 мешітінің Бас имамы Нұржан Таласұлы, ең үздік уағызшы ретінде Орбита-3 мешітінің наиб имамы Асқар Әбітайұлы, ең үздік іс-басқарушы ретінде Медеу ауданының іс-басқарушысы Сейдуалиев Рысбек орталық мешіттің алғыс хаттарымен марапатталды.

Жиын соңында Сансызбай Шоқанұлы имамдарға насихат айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру