ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен шәкірт қыз-балалар арасында «Иманды қыз-түзу бесік иесі» атты сайыс болып өтті.
Аталмыш сайыстың мақсаты: Ата салтымыз бен асыл дінімізді кеңінен насихаттау.
Қасиетті Құран Кәрім оқылуымен ашылған сайыста сөз алған қазылар алқасы дініміз бен дәстүріміздің біте қайнасқан асыл құндылықтар жайлы сөз етіп, жарысты бастап берді.
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің шәкірттері («Инабат» тобы) мен қалалық «Айтбай» мешітінің шәкірттері («Шаңырақ» тобы) өз ілімдерін ортаға салып, екі топ Халық әнінің нақышына сала отырып өз топтарын таныстырды.
Сайыс барысында Хадис айтудан, қазақ халқының ұлттық тағамдарын дайындаудан және өз өнерлерін көрсетуден, әдет-ғұрыптарға байланысты мақал-мәтел айтудан, сонымен қатар, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетуден жарысты.
«Инабат» тобы қыз ұзату, беташар сияқты дәстүрлерді қойылыммен көрсеткен болса, «Шаңырақ» тобы бесікке салу, тұсау кесер сынды ұлттық дәстүрлерімізді паш етті. Көрермен ретінде келген әйелдер жамағаты арасынан сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылған бұл сайыс өте қызықты әрі ғибратқа толы өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.12.2014
4042
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру