Ақжайық еліндегі орталық мешітіне қасиетті жұма күні Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы арнайы басын тіреді.
Облыс имамы Руслан қажы Тыныштықұлы Астанадан арнайы келген Мұсылмандары діни басқармасының жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлын жиналған жамағатпен таныстырды.
Алдымен Алтынбек Ұтысханұлы сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Ақжайық жұртына деген ыстық сәлемін жеткізіп, «Ислам дінінің әйелдерге көзқарасы» тақырыбы бойынша жұма уағызын жүргізді.
Ұлық күнде жамағатпен бірге жұма намазын оқып, дұға жасады.
Нұрлан ҚАБЫКЕШ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.12.2014
3314
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру