Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайық өңіріндегі ғылыми-практикалық конференция

08.12.2014 3366 0 пікір

Ақжайық өңірінде облыс әкімінің қолдауымен облыстық  қазақ драма театрында  «Діни радикализмнің алдын-алудың практикалық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Бұл конференцияға  Ресей  Федерациясының, Татарстан Республикасының, Қазақстанның  белгілі теологтары мен ғалым ұстаздары, ҚМДБ-ның  жалпы және жастар бөлімінің меңгерушісі, облыс әкімінің орынбасары, облыс, қала, аудан имамдары мен молдалары, медресе ұстаздары мен шәкірттері, ел ағалары мен жалынды жастар қатысты.

Алдымен облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенұлы сөз алып,  барша жиналғандарға құттықтау сөзін арнап,  сәттілік тілеп, Ақжайық еліне «Қош келдіңіздер», -деп ақ тілегін білдірді.

ҚР мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Мәдениеттер мен мен діндердің халықаралық орталығы» аналитикалық жұмыс бөлімінің бастығы исахан МҰқан Баймұратұлы «Зайырлылықтың қазақстандық моделі-діни экстремизм мен терроризмге ең басты тосқауыл» тақырыбында баяндамасын оқыса,  БҚО прокурорының орынбасары Халидолла Зиноллаұлы «Діни экстремизм мен терроризм үшін сотталғандармен профилактикалық жұмыстарды жүргізу механизмі» жайында толғанса, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы сөз алды:  

Батыс Қазақстан облысына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы келуі керек еді, алайда белгілі бір себептен келе алмауына байланысты Ақжайық жұртына ыстық сәлемін жеткізіп, «Діни радикализмнің алдын-алудың  жолы-білім »  атты тақырыпта баяндама жасады. Алла Тағалаға мадақ, Пайғамбарларымызға игі сәлемі болсын!  Жиналған қауымға «Білім» жайында кеңінен тоқталып, өзіне баурап алды, зал ішіндегілер ұйып тыңдады. Даналық сөздермен түйін түйді. Тағылымды әңгімелерімен ой салды.  Данамыз айтқандай:

«Бір жылдығынды ойласаң егін ек,

Он жылдығынды ойласаң тал отырғыз,

Мың жылдығынды ойласаң шәкірт тәрбиеле»,-деп  ой түйді.

Одан кейін Ресей  Федерациясының, Татарстан Республикасының, Қазақстанның  белгілі теологтары мен ғалым ұстаздары, дін саласында қызмет етіп жүргендер мамандар арнайы баяндамаларын оқып, ортақ келісім жасап, бір-бірімен пікір алмасып, үндеу қабылдады.

Нұрлан Саматұлы,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру