Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісуда бұйрықсыз имам жоқ

08.12.2014 3055 0 пікір

Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының арнайы шақыруымен ҚМДБ-ның дін істер бөлімінің меңгерушісі Камалжан мырза Бекбосынұлы Жетісу жеріне келіп 25 имамнан сынақ алды.  Талдықорған өңіріне қарасты шалғай ауылдардың имамдары аттестациядан өтіп, толығымен бұйрықтандырылды. Өкіл имам қуанышымен бөлісе келе, Аллаға шүкір, өңірімізге қарасты барлық мешіттеріміз құжаттандырылып, имамдарымыз толық бұйрықтарына қол жеткізді деді. Өз кезегімен «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген мақалды алға тарта, алда жоспарлар өте көп, сол жоспарларға бірауыздан қол жеткізсек асатын асулар алыс емес дегенді тілге тиек етті.  

 

Талдықорған өңірі бойынша

баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру