Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жылдық есепті қорытындылады

05.12.2014 3554 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтановтың бастамасымен Орал облыстық орталық мешітте дәстүр бойынша барлық аудан, ауыл имамдары жиналып, 2014 жылда атқарылған жылдық жұмыстары жайында есеп беріп, келешекте атқарылар жұмыстармен ой бөлісті.

ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысындағы өкілі Руслан қажы Тыныштықұлы: «Аллаға шүкір биылғы жылды абыроймен атқарылғанын сөз етіп, діни басқарма тарапынан келген хатта «Үздік баға» берген болатын. Бұл имандылық істе баршамыздың үлесіміз бар», – деп жеткізді.

Одан кейін әр аудан, ауыл имамдары жыл бойы атқарған қызметіне тоқталып, жылдық есептерін тапсырды.

Жылдық есепте мынадай тақырыптарды нақтыланды:

- имамдардың діни мерекелік шараларға атсалысуы;
- қайырымдылық шараларды ұйымдастырылуы;
- жағдайы төмен отбасыларға көмек беруі;
- жергілікті, республикалық басылым беттеріне рухани материалды жариялау;
- мешіттерде уағыз-насихатты ҚМДБ-нан бұйрығы бар имам-молдалар жүргізілуі;
- келген жамағатқа көркем-мінез танытып, барша мұсылман бауырларды бірлікке, елді ынтымаққа шақыра білу, білімді жастармен кездесулер мен семинарларды өткізу керектігін Өкіл имам баса жеткізді.

Жылдық жиында өкіл имам өз ісін жауапты, имандылық жолында аянбай еңбек еткен «Жалпақтал» ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұрәлиевке, Ақсай қаласындағы «Бөрлі» аудандық  мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахмановқа, «Орал» қалалық  мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбековке, Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық  мешітінің бас имамы Қажымұқан Ғилмановқа шексіз алғысын білдірді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру