Аягөз қаласына христиан бағытындағы жат ағымдардың кереғар әрекеттерін түсіндіру мақсатында Семей қаласы ақпарат насихат тобының мүшесі катехизатор Явкин Виталий Александрович келді. Осы бағытта Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Маратхан қажы Мұхтарханұлы, наиб имамдар Дәулет қажы Қинаятұлы, Думан Нәдірұлы және ішкі саясат бөлімінің қызметкері Медет мырза кезектесіп қаладағы орта мектептермен, мекемелерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Катехизатор Виталий өз сөзінде: «Қазақ халқы ата – бабаларынан ғасырлар бойы келе жатқан мұсылмандар, сондықтанда сіздер Алла үйі мешіттерге барасыздар, ал еуропалықтар олар христиандар, олар шіркеулерге барады. Секталар яғни ағымдар адасушылар олар ешқашан халқымызға жақсылық әкелмейді, керсінше біздің береке бірлігімізді құртады. Сондықтан ағымдардан сақ болыңыздар! Ол үшін әуелі білім керек», – деп атап өтті.
Мешіт имамдары: «Ағым бұл ағып кететін нәрсе. Ақиқат әрқашан қалады. Оларды алынбас қамал деп ойламауымыз керек. Жат ағымдармен күресте даналық, салихалы жолды таңдау біздің мақсатымыз» , – деген дінбасы Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің сөзін атап айтты.
Кездесуде ислами бағыттағы, христиандық бағыттағы сұрақтарға жауаптар берілді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.12.2014
3182
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру