Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елбасы Жолдауына имамдар да қолдау білдіреді

04.12.2014 3238 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Елбасы Жолдауына үн қосқан жиын өтті. Өңірдегі барлық аудан, ауыл имамдарына Елбасының «Нұрлы жол» Жолдауы  таныстырылып,  Жолдаудағы тың серпін, жаңа бағыт бағдар жайында әңгіме қозғалды. Жиынға  Маңғыстау облыстық дін істері департаменті басшысы Ерлан Есбергенов, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Иса Есенәлі қатысты. Облыстық мешіт наиб имамы Құрманбек Абдалиев биылғы Елбасы Жолдауының маңыздылығына тоқталып, имамдардың Жолдау аясында жұмыла жұмыс істеу қажеттігін айтты.  Маңғыстау облыстық Дін істер Департаментінің басшысы Е.Есбергенов имамдар қоғамдағы болып жатқан шаралар мен өзгерістерге өзіндік үндерін қосып, мемлекеттік мүдде аясында халықпен пікірлесіп отыру керек деп санайды. Сондай ақ, ол мемлекеттік бағдарламаларды қолдап, оларды халыққа оң түсіндіре білуге шақырды.

«Бейбіт елдің ғана түтіні түзу шығады. Қазақстандағы бірлік пен ынтымаққа имамдардың да қосатын үлестері зор. Елбасы Жолдауындағы маңызды міндеттерді орындау барлық қазақстандықтар үшін зор міндет »,- деді И.Есенәлі .

Жиын соңында имамдар Жолдауға қатысты ой пікірлерін айтып, мемлекет пен халық арасында алтын көпір іспетті қызмет атқаруға дайын екендіктерін айтты.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру