Атырау өңірінде атқарылған іс-шараларды қорытындылау мақсатында аудан және қала имамдары қатысуымен алқалы мәжіліс өтті. Жиында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің төрт бағыт бойынша жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру барысында жасалынған жұмыстар тыңдалды.
Қала, аудан имамдарының жылдық есебін жеке-жеке тыңдаған өкіл имам Б.Мансұров Атырау өңірінде атқарылған негізгі төрт бағыт: 1.Уағыз-насихат; 2.Теріс ағымдармен жұмыс; 3.Қайырымдылық іс-шаралар; 4.Сауат ашу курсы және тағы басқа «Дін мен дәстүр» жылы аясында атқарылған ілкімді шаралар, БАҚ-пен жұмыс, шаруашылық істері тыңдалып, қорытындысын шығарды.
Сонымен қатар, облыстың өкіл имамы Батыржан Берденұлы жұмыстарының көрсеткіші төмен бірқатар имамдарға ескерту жасаса, берілген тапсырманың үдесінен шығып, имамдар ішінде нәтижелі жұмыс көрсете білген Индер ауданы, «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Ералы Қамзағалиевқа ризашылығын білдіріп, «Сарыағаш» емдеу-сауықтыру шипажайына өкілдік тарапынан жолдама берілетіндігін атады.
Есептік басқосуда: «Облыс имамдары өздеріне берілген тапсырманы уақытында әрі тиянақты орындап келеді. Атқарылған жұмыс әрине аз емес, жасалатын іс одан да көп. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бізге жүктеп отырған жауапкершіліктің үдесінен шығуға және Атырау облысы дін қызметкерлерінің дін саласында жақсы қырынан көрінуге шақырамын» - деді өкіл имам.
Жиын соңында қала және аудан имамдары өздерінің ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, жамағаттың ынтымағы мен асыл діннің мұнайлы өңірде игі істерімен қанат жаюына және теріс ағымдармен жұмысты онан әрі де жалғастыра беруге атсалысатындығын жеткізді.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.12.2014
3309
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру