Осындай атаумен өткен әсіресе жастар арасындағы бұл дерттің алдын алу мақсатында жоғарғы оқу орындарында жоспарлы түрде келелі кездесулер өз жалғасын тауып келеді.
Бұл қауіпті әрі күнәсі алпауыт болған ғасыр дертін жастарға түсіндіріп, одан туындар зардаптардың жастардың санасына жеткізіп, түсіндіріп беру әрбіріміздің міндетіміз.
Осы мақсатта жергілікті «Қорқыт ата» университетінің №1-ші және №9-шы корпустарында Қызылорда облысының өкіл имамы, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Талғат Омаров пен қалалық «Айтбай» мешітінің Бас имамы Алпамыс Тлеубергеновтың қатысуымен іс-шаралар болып өтті.
Осындай шаралар өткізу арқылы бұл дерттер азайса деп үміттенеміз. Алла Тағала елімізді түрлі пәлекеттерден сақтап, жастарымызды иманды да ибалы, саналы да салауатты өмір кешіп, болашақтың жарқын жұлдыздары болуға жазсын!
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.12.2014
3583
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру