Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Спартакиада кубогы мешіт қызметкерлерінде

03.12.2014 2979 0 пікір

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған діни бірлестіктер арасындағы I облыстық спартакиадада облыстық мешіт қызметкерлері тарапынан жасақталған құрама команда алдына жан салған жоқ. 

ШҚО дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай діни бірлестіктер арасында шағын футбол, шахмат және стол теннисінен I облыстық спартакиада болып өтті. 

Аталмыш сайысқа өңірімізде тіркелген бірқатар діни бірлестіктер өз құрама командаларын жасақтап әкелді. 

Облыстық мешіт атынан жасақталған құрама команданы Өскемен қалалық орталық мешітінің наиб имамы Дәулет Тілеуханұлы бастап барды. 

Спорттық ойындардың әр түрінен тартысты өткен бәсекеде командалық есеп қорытындысы бойынша облыстық мешіттің құрамасы үздік деп танылып, спартакиада кубогын жеңіп алды. Шахматтан үздік ойын көрсеткен облыстық мешіттің молдасы Мақсұт Амантай жарыс жеңімпазының алқасын мойынына тақты.

Жұма намазына жиналған жамағат алдында облыстық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлының тапсырмасы бойынша Өскемен қалалық орталық мешітінің бас имамы Рауан қажы Махмутов жарыс жеңімпаздарын алған марапаттарымен құттықтап, алдағы уақытта дін мен салауатты өмірді насихаттауда жемістер тіледі. 

ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру