Азан – асыл дініміздегі ұлық рәсімдердің бірі. Бұл азан Жаратушы Жаббар иеміз бен ардақты пайғамбарымыздың есімін күніне бес рет жариялап, бұқараны намазға шақырады. Ал азан айтудың өзіндік заңдылықтары мен ерекшеліктері де бар. Кез келгеннің икеміне келе бермейтін бұл сауапты амал азаншының кең тынысты, дауысы құлаққа жағымды, әсем болуын талап етеді.
Жыл сайын республика көлеміде өткізілетін азаншылар сайысының да діттеген мақсаты осы – азаншыларды іріктеп, ел-жұртқа азанның қадір-қасиетін ұғындыру, Ислам құндылықтарын көркем үнмен насихат ету.
ҚМДБ-ның Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» мешітінде өткізіліп отырған «Аллаға жағам десең азанды бол» азаншылар жарысы республикалық байқауға қатысушы үміткерлерді анықтауды көздеп, жиырмаға жуық азаншының азанына құлақ асты. Айтулы азан жарысына қала мешіттеріндегі азаншылар, медресе шәкірттері мен сауат ашу курстарына қатысушы жамағат қатысып, бақ сынады.
Қатысушыларға төрелікті «Нұр Астана» мешітінің найб имамы Жандос Айтбай, медресе ұстазы Кәмал Хилал және мешіттегі сауат ашу курсының ұстазы Илияс Отар жүргізіп, қазылық етті.
Азан мәтініндегі әріптердің дұрыс айтылуына, махражына, тәжуид қағидаларына және дауыстың әуезділігіне назар аударған қазылар алқасының шешімі бойынша 1-ші орынға «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Еркебұлан Байғабылов, екінші орынға азаншы Мұхит Көпжасар, ал үшінші орынға «Астана» медресесінің 3-курс шәкірті Шыңғыс Сәдуов пен «әл-Ғани» мешітінің азаншысы Серік Темірғалиев лайықты деп танылып, арнайы грамоталармен марапатталды. Ал өзге қатысушылардың барлығына да марапат қағаздары берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.12.2014
3694
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру