Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы Сарқан ауданына қарасты Шатырбай ауылының тұрғындарының қуаныштарымен бөлісті. Ондағы қуаныш, сәулетті де зәулім Алла үйі - мешіттің салынуы еді.
Мешіттің ашылу саланатынан кейін, өңірлік өкіл имам мешіт салудың сауабы туралы уағыз айтып, Құран кәрім кітабын мешітке сыйға тартты. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, сол ауылдың кәсіпкерлерінің қолдауымен мешіт имамының жалақысы шешіліп, астына су жаңа көліктің кілті табыс етілді. Аталған игі шарадан кейін, ауыл тұрғындары мен қонақтар арнайы әзірлеген дастарханнан дәм татты.
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.12.2014
3474
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру