Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақстанда халал дәрі-дәрмек пайда болады

02.12.2014 5380 0 пікір
Қазақстанда халал дәрі-дәрмек пайда болады2015 жылдан бастап Қазақстан дәріханаларында халал дәрі-дәрмектер сатыла бастайды. Халал препараттар шығарумен айналысатын Иорданиялық фармацевтика компаниясы келер жылдан бастап Қазақстанда өз филиалын ашуды жоспарлап отыр. Бұл жайында компания өкілі Ахмед Жабар мәлімдеме жасады.

Халал дәрі+дәрмектер өзге препараттардан құрамында шошқа майы немесе алкогольдің болмауымен ерекшеленеді. «Қазіргі уақытта халықаралық саудада халал дәрілердің үлесі бар болғаны 5 пайыз ғана. Ал, мұсылман елдерінің барлығында дәрілер халал стандартпен шығарылады», – дейді Ахмед Жабар.

Ахмедтің айтуынша, Иорданияда және басқа да халал дәрі өндірілетін елдер де фармацевтикалық компаниялар жұмысы қатаң қадағаланатын көрінеді. Кез келген дәрі сертификатсых сатылымға шығарылмайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру