Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау имамдарына сертификат табысталды

02.12.2014 3026 0 пікір

Атырау облысы мешіті имамдарының біліктілігін арттыруға арналған төртінші мәрте өткізілген курс аяқталды. Шараға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Б.Мансұров, Атырау облыстық Дін істері басқармасының Ақпараттық талдау орталығының басшысы Ж.Есенғалиев, «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді  оқыту өңірлік орталығы»  директорының орынбасары С.Құбашова қатысты.

Аталмыш семинарда «ҚР Президентінің «Нұрлы  жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан  халқына Жолдауы,  «Діни мәдениет пен зиялылық инабат негіздері», «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі  қағидаттары»  және т.б.тақырыптарда дәрістер оқылды. Имамдар өз кезегінде мемлекеттің дін саласына ерекше көңіл бөлініп жатқанына ризашылығын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Кездесу соңында имамдарға «Қазақстан Республикасындағы  әлеуметтік-экономикалық саласының өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілік арттыру курстарын тәмамдағаны туралы сертификаттар табыс етілді.

Атырау облысы бойынша өкілінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру