Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу имамдары жылдық есеп берді

29.11.2014 3570 0 пікір

Талдықорған өңіріндегі «Иман» орталық мешітінде қала, аудан имамдарының қатысуымен өткен жылды қорытындылауға арналған есеп беру жиналысы болып өтті. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ахмадиев Серікхан Рымханұлы есептік жиналысты ашып,  қала, аудан имамдарының жыл бойы атқарған жұмыстарының жылдық есебін беруге кірісті. Имамадар бұл жылғы есепті бүгінгі заман талабына сай электронды нұсқада дайындалып, интерактивті тақтада көрсетілді.

Аталмыш семинарда аудан имамдарынан бір жылдық атқарған жұмыстарының барысы жөнінде жеке-жеке сұралып, келер жылғы атқарылар жұмыстар турасында тапсырмалар берілді. Күн тәртібінде қоғамымызда белең алып отырған діни ағымдарға тосқауыл қою, жастарды имандылыққа тарту, айтылатын уағыздарды халыққа мағыналы түрде жеткізу, имамдардың білімдерін көтеру мәселелері де назардан тыс қалмады. Барлық мәселені ой таразысынан өткізіп, алға қойылған тапсырмаларды пысықтап алған өкіл имам Серікхан Рымханұлы имамдарды халықтың діни сауатының артуына үлес қосуға, ұлтымыздың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына қайшы әрекеттер мен мейрамдардың бізге беретін зияндығы жөнінде жұртшылықты ұдайы түсіндіріп отыруға, жасөспірімдер арасында барынша жұмыс жүргізіп, өзге ағымның жетегіне еріп кетпеуіне тосқауыл қоюға шақырды.

Жылдық есептің соңы алғыс хатпен марапаттаумен аяқталды. Жыл бойына аянбай еңбек етіп, дін насихаты үшін жан сала қызымет қылған имамдарға өкіл имам ризашылығын білдірді. 

ҚМДБ Талдықорған өңірі

 бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру