ОҚО-да іссапармен жүрген АНТ мүшелері бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бахадүр Нарымбетовтың қабылдауында болды. Қабылдауға дінтанушылар Сыздықов Рүстем, Жүсіпбеков Жасұлан және қаланың Бас имамы Абдрахманов Бақдаулет қатысты.
Кездесу барысында оңтүстік өңіріндегі діни ахуал, жастармен жұмыс тақырыбы сөз болды. Қала әкімінің орынбасары Бахадүр Нарымбетов Бас мүфтидің жақында ғана ұсынған даму тұжырымдамасының дер кезінде қабылданған құжат екендігін айтып өтті.
Тарихи құжат негізінде жұмыс істеудің маңыздылығы кезек күттірмейтін іс екендігі айтылды.
Осы күні ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбектің қатысуымен АНТ мүшелері М. Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
А. Қаттани мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.11.2014
3774
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру