27-қараша күні Атырау жерінде асыл дінімізді насихаттап, бүгінгі ұрпаққа имани тәрбиелік із қалдырған Құспан атаның игі істерін еске алу мақсатында және сол кісінің атындағы "Құспан молла" мешітінің 60 жылдық мерейтойы құрметіне орай ас берілді.
Қалалық "Құспан молла" мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаровтың ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров, зиялы қауым, кәсіпкерлер, қала және аудан имамдары және республикамыздың өзге аймақтарынан ат терлетіп келген құтты қонақтар қатысты.
Ас үстінде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан облыс әкімі Бақтықожа Салахатдинұлының құттықтауын жеткізді. Барша қонақтар дастархан басында мешіт тарихы мен «Құспан молла» өмірі туралы деректі фильмді тамашалады. Облыстың өкіл имамы Батыржан Берденұлы уағыз айтып, кешегі ғасырдың қиын сәтінде діннің сақталуына қызмет ете білген Құспан атаны ұмытпай, бүгінгі ұрпаққа насихаттау жолында игі істер жасап жатқан азаматтарға алғысын жеткізді.
Сонымен қатар, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен биылғы «2014 жыл - Дін мен дәстүр" жылы деп жариялануына орай, бас имам Батыржан Мансұровтың мұрындық болуымен шығарылған халықаралық "Дала" журналының Атырау өңіріне арналған саны қонақтарға таратылды.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.11.2014
3678
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру