ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен «Астана медресесі» мекемесіне Марат Дәлелханұлы Бектазинов директордың орынбасары болып тағайындалды.
ҚМДБ-ның заңгері Сағитжан Дәулетияр медресе ұжымына М. Бектазиновты таныстырып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығын оқып берді.
Марат Бектазинов көп жылдар бойы еліміздің білім беру саласында ұстаздық, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған.
Сондай-ақ 2009-2011 жылдары Қарағанды облыстық №1 орталық мешітінде ұстаз, 2013 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында ҚМДБ-ның Уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің маманы, 2013 жылдың қазан айынан «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы болып қызмет атқарып келеді.
Білім баспалдағымен еліміздің дін саласына өзіндік үлес қосып, шәкірт тәрбиелеу ісі мен дін қызметін қатар ұстаған ұстаздың жаңа қызметіне толағай табыстар тілей отырып, ниеттестігімізді білдіреміз. Алла тағала әріптесіміздің қызметіне жеңілдік, еңбегін жеміс беріп, алар асуы мен шығар белесі молынан болуын нәсіп етсін деп тілейміз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.11.2014
4809
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру