Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атыраудағы жиын бірлікке шақырды

28.11.2014 3067 0 пікір

Атырау облыстық "Құрманғазы» атындағы мәдениет үйінде «Қазақстандағы ислам: кеше, бүгін, ертең»  атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция  өтті.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Ш.Мұқан, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Б.Мансұров, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Дінтану» кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, теология докторы Д.Кенжетай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының профессоры Қ.Затов, Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы «Түркістан» мешітінің бас имамы Е.Құдабаев, Қызылорда облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теологы  Б.Оспанов, Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының маманы Н.Стамбакиев және теологтар, имамдар, ЖОО-ның профессорлары қатысты.

Облыстың өкіл имамы Батыржан Берденұлы конференцияда «Бүгінгі ислам – ертеңгі мұсылманның бағдары» деген тақырыпта баяндама жасады. Онда өкіл имам: "Туымыз көкке желбіреп, дініміз қайта оралған жылдары дін адамдарын көргенде кәдімгідей құрметпен қарайтынбыз. Қазір ше?! Қазір халқымыз дәріптеп, құрметтеген пәк дінімізге іштей күдікпен көз тастайтын жағдайға жеттік. Бұған себеп бүйректен сирақ шығарып, діни реформа жасағысы келетін ағымдардың жымысқы әрекеті.

Қолға қалам емес, қару алуды, туып-өскен жеріңді қасық қаның қалғанша қорғауға емес, бейбақтықпен күстәналауды, ұлттық бай мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді емес, әп-сәтте тас-талқан етуді, халықтың бүкіл мәдени, тарихи болмысын сақтауға емес, дым болмағандай жоқ етуді бәзбір жалаң ұрандар аясымен дін етіп көрсеткісі келеді. Бір сөзбен айтқанда, дінді ынтамаққа ұйытудың емес, халықты үркітіп-шошытудың құралына айналдырды", - дей келе, халық болып дінімізді дұрыс ұстанып сақтауды, ұрпақ алдындағы аманатымызға қиянат жасамауға шақырды.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру