Облыстық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы мен Дін істері басқармасының Ақпараттық-талдау орталығының бірлесуімен өңірдегі мешіт қызметкерлері мен имамдары үшін «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саласының негізгі бағыттары» тақырыбында кезекті біліктілік арттыру курсы басталды.
Курс мақсаты – тыңдаушылардың ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық саласының негізгі бағыттары, қоғам дамуында алар орны және оларды жүзеге асырудағы мәселелер туралы түсініктерін арттыру, ҚР Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Қазақстан – 2050» стратегиясында айқындалған экономикалық саясаттың негізгі бағдарын талқылау.
Курс тыңдаушыларымен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров кездесіп, оларға кезекті дәрісін оқыды. Дәрісте бүгінгі имам келбетінің қандай болу керектігін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, өзгеде дәріскерлер имамдарға ҚР-ның мемлекеттік саясаты, әлеуметтік-экономикалық саласының негізгі бағыттары, өңірлік үдемелі-индустриялық даму бағдарламаларын жүзеге асыру туралы жан-жақты түсініктер беріп келеді. Үш күнге жалғасатын аталмыш семинар бұған дейін де үш мәрте болып, имамдардың біліктілігін арттыруға айтарлықтай үлесін қосты.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.11.2014
3125
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру