Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде «Конфессияаралық келісімді іске асыру – мемлекеттік саясаттың басымдығы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Іс-шараға облыста дін саласы бойынша жұмыс жүргізетін дін істері басқармасы мен оған қарасты мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттердің имамдары, жоғары және рота арнаулы оқу орындарының ғалым-оқытушылары, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, дінтанушылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері, т.б. барлығы 100-ден аса адам қатысты.
Конференция жұмысы барысында өзге де баяндамашылармен бірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы А.Керімбектің «Конфессияаралық келісімді сақтаудағы Ислам дінінің орны» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.
Бас имамның баяндамасына өңірде конфессияаралық келісімді сақтау мәселелері жөніндегі жұмыстар туралы кеңінен айтылды. Соның ішінде, мешіттердің тарапынан тек мұсылман үмбеттеріне ғана емес, өзге де дін өкілдеріне жасалып жүрген қайырымдылық жұмыстары, сонымен қатар, имамдар тарапынан төртінші жыл қатарынан қан тапсыру шараларының ұйымдастырылып жүргені және тапсырылған қанның ертеңгі күні тек мұсылман адамға ғана емес, кез келген азаматқа арналуы мүмкін екендігі, т.б. ілкімді шаралар туралы кеңінен сөз болды.
Халқымызда: «Бірлік – береке бастауы», – деген қанатты сөз бар. Өз қызметін береке-бірлікке негіздеген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан көптеген игі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Күллі жаратылыстың Жаратушысы Алла тағаланың қолдауымен Діни басқарма тарапынан конфессияаралық келісімді сақтау, нығайту арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізілді десек артық айтқандық емес. Соның нәтижесінде елімізде дін – бүгінде біріктіруші факторға айналды.
Мемлекетіміздің тарапынан қатарынан төрт бірдей әлемдік және дәстүрлі дінлер лидерлері съездерінің елімізде өткізілуі, әртүрлі дін өкілдерінің ортақ шаңырақта бас қосып, өзара күллі адамзатқа ортақ мәселелерді сараптап, талқылауы, тиісті ұсыныстарды ортаға салып, аранйы қараларлар қабылдауы – соның бірден бір дәлелі.
Адам баласы қайырлы да ізгі ісімен Жаратушыға жақындайды. Осыған орай мешіт діндарлары мен жамағатына артылар жауапкершілік жүгі ауыр да абыройлы.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.11.2014
3605
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру