Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мысыр министрі мешітте қонақ болды

27.11.2014 3284 0 пікір

Елімізге ресми іссапармен Египеттің Уақыф және Ислам істері министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма бастаған делегация келіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен кездескен еді.

Алматыдан алғашқы ынтымақтастық кездесулерін бастаған Мысырлық меймандар мұнан соң бас қала – Астанаға ат басын тіреді. Астананың айшықты құлшылық үйі «Нұр Астана» мешітінде болып, елордалық дін қызметкерлерімен жүздесті. Делегацияны ҚМДБ-ның Астанадағы өкілі, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов, ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаровтар күтіп алып, зәулім мешіттің архитектуралық құрылысымен таныстырды. Сондай-ақ, дін жайында ойларымен бөлісіп, қонақтарға бағалы сыйлықтар тарту етті. Өкіл имам Наурызбай қажы  Уақыф және Ислам істері министрі Мұхаммед Жұмаға достық, бауырластық ниетпен елімізге сапар шегіп келгені үшін ыстық ықыласын білдіріп, Қожа Ахмет Иассауи мешіті бейнеленген қолдан тоқылған кілем сыйлады.


 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру