Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр имамдары бас қосты

27.11.2014 3386 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде бүгін қала және аудан имамдары бас қосты. Жиын барысында өкіл имам Талғат Омаров: «Халыққа қызмет, Хаққа қызмет. Сол себепті Алла алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, әр біріміз дін үшін адал қызмет етіп, асыл дініміздің қанаттанып, өркендеуіне өз үлесімізді қосуымыз керек»,- деп дінге, халыққа қызмет етудің сауапты амал екенін айтты.

Сонымен қатар, бас қосу барысында имамдарға асыл дінімізді насихаттайтын «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналын халыққа кеңінен айтып, жазлуға шақыру тапсырылды. 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі,
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің 
Баспасөз хатшысы
ЕскендірӘсел


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру