Екі күндік семинар жұмысы өз мәресіне жеткеннен соң, елордалық мұсылман жұртшылығы исламтанушы, теолог Арман Қуанышбаевпен жүздесті. Ағымдар ақиқаты, мазхабтың маңыздылығы жайында дәріс өткізген А.Қуанышбаев ата дінімізден ажырау түп-тамырыздан алыстау екенін айтты.
«Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дәуірі өткеннен кейін, тарихтың сүзгісінен өтіп, қалыптасқан төрт ірі мектептің іргелісі, бабаң дәріптеп, ұстанған жол – бөтен емес. Басқа басқа, біз ұстанған Ханафи мазхабымен сан ғасырлар мемлекет басқарылған. Бұл әлдебіреулердің өз ұстанымдары мен ниеттеріне қарай жазылған кітаптарымен жоққа шығарыла салатын жол емес. Мазхабыңнан ажырау – өз таным-түсінігіңнен алыстау. Әр елдің ғасырлармен қалыптасқан салт-санасы, дәстүрі бар. Мұны пайғамбарымыз білмейді деймісіз? Жоқ. Сол себепті сахабаларын дін таратуға аттандырар сәтте, халықтың салт-дәстүрімен санасуды, құрметтеуді тапсырды. Әлбетте, шариғат шартына, сенімге қайшы келмеген жағдайда. Бұған дәлел жетеді тарихта. Ал, халқымыздың дінді өте берік ұстанғаны сонша, бүгінде біз соның кейбірін дәстүріміз деп білеміз. Бұл дәстүрімізге сіңіп кеткен асыл діннің айшықты нышандары» деді ол.
Исламтанушының әсерлі дәрісінен соң көпшілік көкейде жүрген сауалдарын қойып, оның тұщымды шариғи жауаптарын алды. Астанаға алғаш ат басын бұрып отырған есімі елге белгілі исламтанушымен болған бүгінгі жүздесуден көпшіліктің көңілі тоят таппағаны да байқалады. Дегенмен, Астанада семинар-тренинг өткізуді қолға алған Дін істері басқармасының басшысы атап өткендей, бұл басқосулар бүгінмен шектелмейді. Алдағы күннің еншісінде жүйелі түрде осындай мән-маңызы зор кездесулер ұйымдастырылатынын қуанышпен жеткізгіміз келеді.
Жайық НАҒЫМАШ


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.11.2014
3553
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру