Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда кезекті курс тәмамдалды

27.11.2014 3103 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы 2014 жыл діни бағытта атқарылуы тиіс төрт бағытты айқындап берген-ді. Осыған орай, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі сауат ашу курсы  бағытында  жыл басынан бірқатар іс-шаралар қолға алды.

Соның бірі «Иманғали» орталық мешіті жанынан ашылған сауат ашу медресесінде ауыл молдаларына арналған үшінші мәрте 2 айлық курс тәмамдалып, аталмыш курсты аяқтау жөнінде қатысушыларға сертификат табысталды.

Сауат ашу курсында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров, «Әт-Тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов, «Әт-Тақуа» мешітінің наиб имамы Қанат Жұмағұл сынды теолог мамандар дәріс оқыды.

Облыстың бас имамы Батыржан Берденұлы медресе тәмамдаушыларына алдағы уақытта асыл дініміздің атына кір келтіретін іс-әрекеттерден аулақ болып, исламның дінінің мейірім мен шапағатқа толы тұстарын насихаттауға кеңес беріп, сертификаттарды ұсынды. Білім алушылар да өз ризашылықтарын білдірді.

Шара аяқталғаннан соң аталмыш медресе ұжымы ұйымдастыруымен келген қонақтар құрметіне дастархан жайылды.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру