Жетімдер үйі жабылсын! Депутаттар еліміздегі тастанды балалар тәрбиеленіп жатқан мекемелердің жұмысын жаппай тоқтату керек деп отыр.
Өйткені, жетімдер үйі жезөкшелер мен ұры-қарыларды тәрбилеп шығаратын ордаға айналып барады екен. Мұнда жетілген ұл-қыздардың 90 пайызы есейгенде еш ойланбастан жаман жолды таңдайды. Жетімдер үйіндегі былық мұнымен шектелмейді . Шенеуніктер соңғы екі жылда 500-ге жуық баланы мүлдем кезекке тұрмаған отбасыларға жетектетіп жіберіпті. Ал 2 мыңға жуық сәби еш себепсіз тізімнен ұшты-күйлі жоғалып кеткен. «Ауру» деген жалған анықтамамен шетелдіктерге сатылғаны қаншама. Қазір Қазақстан сәби саудасы бойынша әлемде алтыншы орында тұр . Сондықтан депутаттар бала асырап алуға ниетті отандастарымызға жағдай жасап, қазынадан қыруар қаржы бөлу керек дейді.
Тұрсынбек Өмірзақов, Мәжіліс депутаты:
- Жетімдер үйін патронаттық жүйеге көшіру керек. Алам деуші кісілер көп, бірақ қаржы жоқ. Үкімет ақша бөлмейді. Асырау үшін 18 мың теңге береді, одан көп алсан, жалақы ретінде 35 мың теңге береді. Басқа елдерді алсан, 2 жарым, Америкада 10 мың доллар береді. Жыл сайын әрбір балаға 900 доллар береді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.11.2014
5764
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру