Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұсылман адамдар тұратын үйлердің ең жақсысы – жетім баққан үй. Ол үйде жетімге құрмет көрсетіледі. Мұсылман адамдар тұратын үйлердің ең жаманы – жетім қиналған үй», – дейді. Қашанда жетімге мейіріммен қарап, қамқор болған халықпыз. Бүгінде бұл үрдіс өз мәнін жоғалтқан емес.
«Иманғали» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйі» және Атырау қалалық «Сабыр Қазыбаев атындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қайырымдылық көмек көрсетілді.
«Ризашылық − балалардың игілігі үшін» атты қайырымдылық шара шеңберінде «Иманғали» орталық мешіті тарапынан балаларға тәттілер, жеміс-жидектер ұсынылды. Мекеме басшылары Сәния Мусиева және Гүлсара Ботатаева аталған қайырымдылық шараға үлес қосуға себепкер болған ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының атына ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.11.2014
3373
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру