Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдарының жылдық қорытынды жиналысымен Азан жарысы

26.11.2014 3729 0 пікір

Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының басқаруымен, қала, аудан имамдарының бір жылдық есебі тыңдалды. ҚМДБ-ның төрт бағыт бойынша берген тапсырмасы  арқылы имамдар есеп беріп, әрбір имамның есебі видео ролик арқылы көрсетілді. ҚМДБ-дан шығатын баспасөз құралдары «Иман» журналы «Ислам және өркениет» газеттеріне жазылуды ұйымдастыру баспасөз арқылы дініміздің құндылығын насихаттаудың маңыздылығына өкіл имам айрықша тоқталды. Жиналған имамдар:

1. Діни үгіт насихат
2. Жат ағымдармен күрес
3. Діни сауат ашу курсы
4. Қайырымдылық іс шаралары жөнінде нақты дәлелмен есеп берді.

2014 жылдың жұмысын қорытындылаған өкіл имам жұмыстары мен жақсы нәтижеге қол жеткізген имамдарды алғыс хатпен  марапаттады. Семей қалалық Тас мешітінің имамы Нұрбек Нәзірұлы. Тыныбай мешітінің имамы Біржан Аманжолұлы. Жарма аудандық мешітінің имамы Мерғали Оспанов. Бородулиха аудандық мешітінің имамы Әріпжан Қожанұлын «Жыл имамы» деген атпен марапатталды.  

Хақ дініміз Исламның негізгі рәміздерінің бірі болған азан айтуды насихаттау, азанның шығу тарихы,  мағынасы мен маңыздылығы және азаншының ерекшеліктерін халыққа етене таныстыру, сондай-ақ, ел арасындағы әдемі әуезді азаншыларды анықтап, табу мақсатында республика бойыншы азан айту жарыстары өтіп жатыр.

Осыған орай, имамдар жиналысынан кейін Қос мұнаралы орталық мешітінің ұйымдастыруымен  қала, аудан, ауыл мешіті қызметкерлері мен имам-молдары арасында азан жарысы өтті. Жалпы бұл шара азанның маңызы мен азаншының Исламда алар орнын насихаттауға арналып отыр. Жарысқа жалпы саны 7 адам қатысты.

Рухани бәйгеге төрелік еткен қазылар алқасы құрамында мешіттің өкіл имамы Алтыбай Мақсат, Қалалық Тас мешітінің имамы Нұрбек Нәдірұлы азан шақыруды өз нақышына келтіре айтқан азаншыларды сыннан өткізді.

Бұл амал жамағатты намазға шақыру үшін айтылатындықтан, азаншыға қойылатын басты талаптың бірі - оның даусының зор болуы, араб әріптерінің махраждарын жақсы білуі, азан дұғасын жатқа білу және азан кәлималары мен дұғасының мағынасын білу. Қазылар сайыскерлердің әдемі әуезімен қатар, оқу нақышын және азанның тарихынан да сұрақтар қойып отырды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

1-ші орын Айдын Жүнісбек иеленді;
2-ші орын Мұрат Жаңатаев өз қанжығасына байлады;
3-ші орын Нұрлыбек Мухамедяров иеленді.

Жүлделі орын алғандар ынталандыру сыйлықтармен алғыс хатпен марапатталды. Жүлделі орын алғандарды Республикалық Алматы қаласында өтетін азан жарысына жолдама алды.

Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру