Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаркент жеріндегі жүздесулер

26.11.2014 3215 0 пікір

Талдықоған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы өткен аптада Көктал ауылының халқымен кездесіп, мешіттің жай күйімен танысып қайтқан болатын. Осы аптада арнайы іс сапармен Жаркент жерінде болды.

Әуелі Жаркент қалалық мешітінің жамағаттарымен жүздесіп, дәстүрлі дініміздің артықшылықтары және жат ағымдардың зардаптары жайында уағыз айтты. Аудандық әкімшілікте болып, имамдардың жалақы алу мәселесінде сөз қозғалды. Келесі күні «Санаңды сақта, жас ұрпақ!»  атты жоспарға сәйкес кездесу жалғасын тауып, көлемі 200-ден асатын колледж ұстаздары және шәкірттерімен семинар өткізді.

Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға өкіл имам қонымды жауап берді.     

Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру