ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) өз жұмысын Оңтүстік Қазақстан облысында бастап кетті.
ОҚО-на РАНТ-ның құрамына «Әл-Азһар» университеті «Ислам шариғаты» факультетінің түлегі, «Әбу Ханифа» ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері және ИБЖИ-ның ұстазы Жүсіпбеков Жасұлан және теолог Сыздықов Рүстем келді.
РАНТ мүшелері ОҚО Мақтаарал ауданына атбасын тіреп, аудан орталығы Жетісай қаласында бір қатар келелі кездесулер өткізді. Атап айтқанда оқу орындарында, қала әкімдігінде және мешіт қабырғаларында «Ислам – бірлік пен ынтымақ кепілі» тақырыбында сөз қозғап, РАНТ жұмыстарының маңыздылығын түсіндірді.
ҚМДБ ОҚО Мақтаарал аудандық баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.11.2014
3104
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру