Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін мен дәстүр насихатталды

26.11.2014 3272 0 пікір

Бас мүфтиіміз биылғы жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялағандықтан республикамыздың барлық аймағында көптеген шаралар өтуде. Осы шаралардың бірі  25 қараша күні Ақтау қаласындағы №20 мектеп ұстаздарының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүрі сабақтастығы» атты мектеп ішілік конференция болды. Аталмыш конференцияға Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков қатысып, баяндама жасады. Баяндама барысында қазақ даласына исламның келуі мен бабалырмыздың мұсылман болуы және қазақ халқы өз өмірлерін дінмен сабақтастырғандығын түрлі мысалдармен келтіріп өтті.

Дін мен дәстүр жайында тағылымды баяндама жасаған өкіл имам «Дін мен дәстүр» кітабын шәкірттерге таныстырып, мектеп кітапханасына қазақша, орысша нұсқаларын сыйға тарту етті.

 

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру