Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам Бәйдібек ауданында

26.11.2014 3642 0 пікір

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек Бәйдібек ауданына ресми іс сапармен барды.

Құрметті қонақты  аудан әкімінің орынбасары  Нұрғали Айтбаев мырза күтіп алып, ауданның діни ахуалы туралы  жан-жақты таныстырды.

Аудандық №19 кәсіптік колледжінің акіт залдында арнайы кездесу болып өтті. Онда өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек жастарға имандылық, отансүйгіштік және білім алудың артықшылығы туралы әңгімелеп берді.

Кездесу соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің жетешісі Өскен Қосыбайұлы өз ризашылығын білдіріп, діни басқарманың атқарып отырған жұмыстарына дән риза екендігін айтып өтті.

Осыдан кейін, өкіл имам А.Пірәліұлы аудандық “Нақыпбекұлы Әуен” мешітінде болып, ауыл, кент имам, молдаларымен кездесті. Кездесу барысында  аудан имамы Серғали Байниязов ауданда атқарып жатқан жұмыстары туралы қысқаша баяндама жасады.

Ресми сапар барысында бірқатар ауылдық мешіттердің тыныс-тіршілігімен жеке танысты. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру