Атырау жеріне еліміздің білікті дінтанушыларын шақырып, дінсүйер ағайынға пайдалы уағыз-насихат жүргізу жұмысы жүйемен іске асып келеді. Осыған орай өңірімізге кезекті сапар аясымен Алматы облысы, Қаскелең қалалық «Түркістан» мешітінің Бас имамы Ербол Құдабаев келді.
Білікті дінтанушы алдымен Атырау облысы, Мақат аудандық орталық мешітінің жамағатымен кездессе, 22-қараша күні облыстық "Иманғали" орталық мешітінде жамағатқа уағыз айтып, олардың қойған сауалдарына тұщымды жауаптарын бере білді. Білімді дінтанушы тыңдаушыларға ислам атын жамылған теріс ағымдардың зиянын атай келе, әсерлі уағызымен ынтымаққа жол сілтеді.
Сонымен қатар, Атырау облыстық "Қазақстан-Атырау" телеарнасы дайындаған "Иман нұры" бағдарламасында қонақта болып "Жетім көрсең, жебей жүр" тақырыбында сұхбат берді.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.11.2014
3287
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру