25 қараша. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 22 қарашада интернет желісінде тараған ИШИМ-дегі (ИГИЛ) қазақстандықтардың қатысуымен шыққан бейнебаянды, бейнебаянның кезкелген үзінділерін таратпауға шақырады.
Прокуратура тарапынан жарияланған хабарламада: «Зерделеу роликтің мазмұны террористік әрекетке қатысуды насихаттауға және ақтауға бағытталғанын көрсетті. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бап, 3-тармағына сай терроризмдi насихаттауға және ақтауға жол берiлмейдi. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес терроризмді насихаттауға тыйым салынған», - делінген. Осыған орай Бас прокуратура «Байланыс туралы» Заңның 41-1-бабының негізінде 2014 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне аталған роликке кіруді оқшаулау, сондай-ақ, оны сот тәртібінде заңсыз деп тану және Қазақстан аумағында таратуға тыйым салу жөнінде шаралар қабылдау туралы ұйғарым енгізіп отырғанын да жеткізді.
«Уәкілетті орган осы прокурорлық қадағалау актісін орындау жөніндегі шараларды қабылдауда. Дей тұрғанымен, жекелеген жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары байланыс құралдарын және желілерін пайдалана отырып, қарастырылып жатқан құқыққа қайшы бейнематериалды таратуды жалғастыруда. Құқықтық салдарлардың туындауын болдырмау үшін Бас прокуратура жоғарыда келтірілген заңдардың нормаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді және жоғарыда аталған роликті немесе оның жекелеген эпизодтарын таратудан бас тартуды ұсынады», - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.11.2014
3853
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру